Жалағаш кенті Бұқарбай батыр көшесінің тұрғындары сенбілік жұмыстарына көршілер болып атсалысты.
Жаяу жүргіншілерге арналған жолдар және аяқ су жүретін арықтар тазартылды. Үлкені мен кішісіне дейін көшенің бірлігін көрсеткен тұрғындар, тазалық акциясын тұрақты түрде жалғастырып отыратынын жеткізді.
Ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытында мұндай келелі бастамалар таптырмас тәрбие құралы.
Бұл туралы аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш кенті тұрғындарымен кездесуінде көше комитеттерінің белсенділігін арттыру маңызды екенін айтқан болатын.
Ынтымағы жарасқан Жалағаш кенті Бұқарбай батыр көшесінің тұрғындары экологиялық акциялардан бөлек, атаулы күндер мен мерекелік шараларды да жұмыла тойлауды әдетке айналдырған.
Көшелерін керемет қылып келістірген кемеңгер жандар іс-шараның соңын бір үйдің баласындай керегесі кең берекелі дастархан басында тәмәмдады.