Ақжарма ауылдық округі Баймұрат батыр ауылында «АДАЛ АДАМ – АДАЛ ЕҢБЕК – АДАЛ ТАБЫС» тақырыбында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.
Кездесуге Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы құрылым мүшелері, Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Болатбек Пұсырманов, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Баймырза Қожамберлиев, «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, АТТ мүшесі Дәулет Омаров, Ақжарма ауылдық округінің әкімі Сәттар Әбдіреев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Темірбек Қазымбеков қатысты.
Кездесуде спикерлер Ұлттық құрылтайда көтерілген күрделі мәселелерді атап өтті. Соның ішінде, жаңа идеялар мен жасампаз қадамдар арқылы ұлт бірлігін нығайту. Ел бірлігі үшін, мемлекет пен қоғам мүддесін бәрінен жоғары қою сынды мәселелер, ұлтымыздың тарихи сана-сезімін нығайту, мәдени мұраны жан-жақты дәріптеу, мәдениет, тарих, ұлт саулығы, адам капиталы, ұрпақ тәрбиесі саласында қордаланған мәселелерге тоқталды.
Іс-шара соңында ауыл тұрғындарына Ұлттық құрылтайда көтерілген маңызды мәселелер қамтылған кітапша мен облыстық ҚХА құрылым қызметі мен міндеттері жазылған ақпараттық бүктемелер таратылды.
2024-04-20