Бүгін облыс әкімінің орынбасары Б. Жахановтың төрағалығымен Қызылорда облысы бойынша азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

Комиссия отырысында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Т. Дүйсебаев, Қызылорда облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Е. Сүлейменов, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары А. Ибрагим баяндама жасады.

Отырыс барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен баға белгілеудің ағымдағы жағдайы туралы мәселелер қаралды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерін сақтау бөлігінде барлығы 102 кәсіпкерлік субъектісі тексеріліп, 28 кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

БӨЛІСУ