Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Мендалиев ауылдық округтердің әкімдеріне «Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Тиімді коммуникациялар. Мемлекеттік қызметте әдеп нормаларының сақталуы», «Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары», «ҚР Мемлекеттік қызметті дамыту жолдары» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинарға 26 тыңдаушы қатысты.
Семинарда мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, проактивтік қызмет көрсету аясын кеңейту, мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерін оңтайландыру, мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудағы тиімді коммуникация, мемлекеттік қызмет көрсетуде ресурстарды тиімді пайдалану, қызмет көрсету барысында конфликтілі жағдайлар және оны болдырмау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша өзекті мәселелерді адамдарға оңтайлы түрде шешу мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар, Департамент басшысы семинарға қатысушыларға мемлекеттік қызметті дамыту жолдары мен мемлекеттік қызметте әдеп нормаларының сақталуы бойынша дәріс оқып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.