Мамыр айындағы мерекелерді атап өту және кезекті оқу жылын қорытындылау мәселелері бойынша облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімі Ардақ Ибраимов мамыр айында жоспарланған мерекелер мен атаулы күндер Жалағаш ауданында жоғарғы деңгейде аталып өтілетінін жеткізді.
Бұл ретте, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қоғамдық даму бөлімі және Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімі бірлесіп арнайы іс-шара жоспарын әзірлеуді тапсырды.
Оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі мен Жалағаш ауданы бойынша білім бөліміне үйірмелердің тұрақты жұмыс жасау қажеттігін айтты.
Бала қауіпсіздігін сақтау мақсатында суға түсу маусымы жақындағанын ескерткен аудан әкімі Ардақ Ибраимов, жүзу бассейнінің жұмысын талапқа сәйкес, сала мамандарына сапалы ұйымдастыруды жүктеді.
Сондай-ақ, заңдылығын зерттей отырып, кәсіпкерлердің демеушілігімен тазалығы, қауіпсіздік ережелері сақталған, тұрғындарға қолайлы жерден суға түсу орнын белгілеуді тапсырды.
Сонымен қатар, Жалағаш кенті және ауылдық округтер бойынша санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру мәселесі де қозғалды.
Көктем басталғаннан сенбіліктер мен экологиялық акцияларда барлық саябақтарда, көше бойларында, мекеме аулаларында тал егу жұмыстары белсенді жүргізілді. Алдағы уақытта күтіп баптау жұмыстарын сапалы ұйымдастыру қатаң бақылауда болатын болады.
Туған жердің көркеюіне әрбір тұрғын өз үлесін қосу қажеттігін жеткізген аудан әкімі Ардақ Ибраимов, алдағы уақытта көше комитеттерінің төрағаларын қабылдайтынын жеткізді.