Мемлекет басшысы отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық қатынастарда әйелдер мен балалардың (өзгеде отбасы мүшелерінің) құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлуде.
Ардагерлер мен ақсақалдардың бірлік пен келісімді нығайтуға, мәдени – адамгершілік құндылықтарды сақтауға қосқан елеулі үлесі орасан зор.
Олардың өмірлік тәжірибесі, салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы білімдері барлық ұрпақ санасында ерекше орын алады.
Отбасын нығайту, ана мен баланы қорғау – мемлекеттің басымдық беретін бағыттарының бірі.
Бұл ретте қоғамда әйелдердің орындаушылығы, ұқыптылығы жоғары бағаланады.
Әйелдер кеңесінің жұмысы отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен бала құқығын және денсаулығын қорғау бағытындағы маңызды істерді ілгерілетуге зор үлесін қосары анық.
Осыған орай аудан прокуратурасы Ардагерлер және Әйелдер кеңесімен меморандум жасады.
Меморандумның негізгі мақсаты – отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу шараларын күшейту, әйелдер мен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қауіпсіздігін қорғау шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған ықпалдасу және кеңесу түріндегі іс-қимылдарды жүзеге асыру.
Осыған орай аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында аудан прокуроры Н.Қаратаев, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Исмаилов және Әйелдер кеңесінің төрайымы Н.Палымбетова арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға үш жақты қол қойылды.