Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен №176 орта мектепте «Біртұтас тәрбие: Құндылық. Ұлттық тәрбие. Жас ұрпақ» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинарға Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің бас маманы Самат Күнқожаев пен білім бөлімінің әдіскері Газиз Убаев, қала мектептерінің тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Семинардың мақсаты біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды қалыптастыру.
Шара барысында «Ұлттық мектеп лигасы» жобасы аясында мектептегі «Асық ату»,
«Тоғызқұмалақ», «Бес асық» үйірме жұмыстары насихатталып, «Алтын домбыра» үйірмесі домбырашыларының
күй күмбірімен семинар басталды.

Мұнан соң ұлттық құндылықтарға бағытталған қолөнер, ұлттық тағамдар мен ұлттық, бұйымдардан жасалған көрмемен жалғасты.

Сонымен қатар, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыстары бағытында “Даналық мектеп” жобасы аясында әжелер, әкелер, ата -аналармен шеберлік сағаты, әке мен бала уақыты, ата -аналармен ағартушылық жұмыстар жүргізілді.

Бізге етене таныс тәрбиедегі басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжы­рымдамасында: «Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болу керек екенін, ұлттық бола­ша­ғы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көмектеседі, солар арқылы ол жалпыазаматтық мәде­ниет­ке аяқ басып, өз халқының мәде­ни игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезі мен өткеннің тағдыры мен талап­та­­рын объективті факторлар ретінде ұсы­нып, сол арқылы ұрпақты өмірге бейімдеп, оларды жинақталған тәжірибе негі­зінде тәрбиелей отырып, өзінің ата-аналарының рухани мұрасын игере түсуі керек» деп жазылған екен. Бұған көп нәрсені алып-қосудың өзі артықтау.

Шынтуайтында, жас ұрпақты әдеп­ті де саналы, арлы да абыройлы етіп тәр­­биелеу үшін ең алдымен тәр­бие ере­же­­ле­­ріне тірек арта отырып, ұлт­тық дәс­түрі­мізді, әдет-ғұрпымызды, дәс­түр­­лі діні­мізді, ата-бабаларымыздан қал­­ған мұ­раларды олардың саналарына сіңіре білуіміз қажет. Ел болашағын туған жерді, Отанын сүйіп, оны қасық қа­ны қалғанша қорғай білуге үйрету, оқушы бойында патриоттық сезім мен адам­гер­­шілік сананы қалыптастыру –әр отбасы мен азаматтарының міндеті. Тәр­бие­нің қайнар көзі ата-бабамыздан қал­ған даналық сөздер десек, біз – сол на­си­хаттың қолданушысы әрі қор­ғау­шы­­сымыз. Ендігі жерде елді сүюді ең асыл қасиеттің бірі деп бағаласақ, онда ұлттық тәрбиенің басы бүтін көрініс табуы тиіс-ақ.

БӨЛІСУ