Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде білікті заңгер, ғалым-ұстаз Жүсіпбекова Мадина Қойшыбайқызының 60 жасқа толу мерейтойына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Конференцияға 70-тен астам студенттер қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Конференция 4 секциядан құралды. Әр секцияға қазылар алқасы төрелік етті.

Ең маңызды құқықтық мәселені қамтыған тақырыптарға студенттер үлкен дайындықпен келген. Республикалық ғылыми-теориялық конференцияның пленарлық мәжілісінде “Экономика және құқық” институтының директоры Гүлшат Дүзелбаева сөз сөйлеп, ғалымның өнегелі еңбек жолын жастарға үлгі етті. Жеңімпаздарды марапаттап, сәттілік тіледі. Жиын соңында қатысушылар сұрақтарына жауап тапты.

Айта кету керек, Мадина Қойшыбайқызының мерейтойына арналған салтанатты шара ертең 10:00 Бас оқу ғимаратында “Азаматтық құқық” дәрісхананың ашылуымен жалғасады.

БӨЛІСУ