Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға бойы жалғасын табады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов «Таза өлке» апталығында елді мекендердің тұрғындары, ардагерлер, ұйымдардың қызметкерлері мекеме аумағы мен бектілген аулаларды тазалап, сенбілік жұмыстарына барлығы 2 мыңнан астам аудан тұрғындары қатысқанын айтты.

Екінші апта «Киелі мекен» апталығы, яғни осы аптада тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстары барлық кент және ауылдық округтерде жүргізу қажет екендігін ескертіп, барлық экологиялық акцияларға жұмыс жоспарына сәйкес қатысып отыратынын мәлімдеді.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына бекітілген іс-шаралар аясында атқарылуы тиіс жұмыстар бойынша аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жасұлан Еспенбет хабарлама жасады.

Меншік нысанына қарамастан барлық мекеме басшылары, ақпараттандыру жұмыстарына белсенділік танытып, бекітілген іс-шаралар бойынша тиісті жұмыстарды атқарып, мекеме аумағын абаттандырумен қоса бекітілген аймақтардың тазалығын қамтамасыз ететін болады.

Бұл ретте, ұйымдастырылып жатқан барлық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізіп, кент және ауылдық округтерде «Таза көше», «Үздік аула» байқауларын ұйымдастыруды тапсырды.

Сондай-ақ, дала жұмыстарының қызу жүріп жатқанын ескере отырып, берешектігі бар шаруа қожалықтар мемлекет алдындағы қарызын қысқа мерзімде қайтару ескертілді. Егер төленбеген жағдайда су мәселесі бойынша келісімшарт жасалмайтын болады.

БӨЛІСУ