Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті. Мәжіліс отырысында аудан бойынша салық базасын ұлғайту мәселесі қаралды.
Салық түсімдері, салық төлемшілер бойынша талдау жасап, жергілікті бюджет түсімдерінің резервтерін анықтау тапсырмаларына сәйкес аудан әкімінің орынбасары орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов баяндама жасады. Жасалған баяндаманы негізге ала отырып, хаттамалық тапсырма жасалатын болады.
«Қазіргі таңда, кент және ауылдық округ әкімдері «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға елді мекенде күтіп ұстау жұмыстарын атқарып отыр. Осы ретте, кент және ауылдық округ әкімдері аудандық бюджетке тәуелділігін азайту мақсатында нақты жұмыстарды атқаруы тиіс.
– Аудандық бюджетке тәуелділігін азайтудың бірден бір жолы инвестиция тарту болып табылады. Өздеріңізге белгілі, 2023 жылдың қорытындысымен біз жеке қаражат есебінен 17 жобаны іске асырып, ауданға барлығы 560 млн. теңгені құрайтын инвестиция тарттық. Ал, егер бұл жобаларды облыстық бюджетке қаржыландыруға ұсынып, қарап отырсақ, бүгінгі күнге дейін іске аспайтын еді.
Қазіргі таңда, осындай жұмыстар Мәдениет ауылдық округінде іске асырылуда. Атап айтқанда, жеке кәсіпкерлер елді мекенге құны 10,0 млн. теңгені құрайтын балалар ойын алаңын салуда. Ал, кейбір ауылдық округте бұл бағытта мүлдем жұмыстар атқарылмай келеді. Сіздерді сол елді мекеннің халқы сайлады. Соның кері байланысы ретінде, Сіздердің парыздарыңыз сол елді мекеннің халқына жұмыс жасау екендігін ұмытпаңыздар»,-деді Ардақ Ибраимов.