Тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, олардың шешiлуiне мүмкiндiгiнше ықпал ету мақсатында шаһар басшысы Серік Қожаниязов азаматтарды жеке қабылдады.
Қабылдауға келгендердің басым көпшілігі жұмыспен қамту, әлеуметтік жәрдемақы алу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың тәртібі туралы сұраса, енді бірі баспанамен қамту, көше атауы, жол, газ, жарық, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мәселелерін айтты.
Қала әкімі Серік Салауатұлы қабылдауға келген азаматтарды тыңдап, барлық мәселе мамандардың жіті тексеруінен өтетінін, әрі қарай заңдылықты негізге алып шешім қабылданатындығын жеткізді.Ашықтық пен жариялылық жұмыс тиімділігін арттырады десек, алдағы уақытта тұрғындардың уәждері бойынша мәселелер зерделеніп, салалар бойынша тиісті шаралар жүзеге асырылатын болады.