Жылдың алғашқы тоқсаны бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында айтарлықтай өсім бар. Яғни, өңдеуші өнеркәсіп саласында 20 млрд. 281 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 111,8%-ға артты. Ал, негізгі капиталға салынған инвестиция 53 млрд 884 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 127,8%-ға өскендігін көрсетті.
Сол секілді құрылыс саласында да серпінді жобалар атқарылып, 12 млрд. 910 млн. теңгенің жұмыстары жүргізілуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 113,1%-ға жетіп отыр.
Қала бюджетінің кірістер болжамы (трансферттер мен зайымдарды қоса есептегенде) 106,6% орындалса, бөлшек сауда көлемі 95 млрд. 428,8 млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 101,7%-ға өсті.
Сонымен қатар, жыл басынан жаңа жұмыс орындарына 4 800 адам жолданса, оның 683-і тұрақты жұмыспен қамтылды.
Бұл ақпараттар қала әкімі Серік Қожаниязовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.