«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына орай «Ақтерек» сауықтыру лагерінде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, 300 тал көшеті егілді.
Акцияға аудан әкімі Ардақ Ибраимов пен облыстық аналар кеңесінің төрайымы Райкүл Мансүрқызы бастаған Жалағаштан шыққан Қызылорда қаласында тұратын азаматшаларымыз қатысты. Шара барысында 100 дана ясень ағашы, 100 дана терек, 100 дана жеміс ағаштары отырғызылды.
Айта кетейік «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясына орай кент және ауылдық округтерде 6 сәуірден бастап санитарлық тазарту, көгалдандыру, тал егу акциясы қарқынды жүргізілуде.
Сонымен қатар, Жалағаш кенті және ауылдық округтерде жаппай сенбілік шаралары ұйымдастырылды.
Аудан әкімі Ардақ Ибраимов сенбілік жұмыстарымен танысып, аяқ су жүретін қарықтарды қазу жұмыстарын жылдамдатып, тұрғындар тарапынанда тазалық жұмыстарына белсенділік болу қажеттігін айтты.
Сондай-ақ, аудан әкімі қоғамдық жұмыста жүрген қызметкерлермен кездесіп туған жердің келбетін көркейтуде қосып жатқан үлестеріне алғысын білдірді.
Сенбілік жұмыстарына аудан бойынша меншік нысанына қарамастан барлық 145 мекемеден 1800-ге жуық адам қатысып, 20 дана техника жұмылдырылды.
Сенбілікте көшелер мен саябақтардағы қоқыстар тазартылып, қураған талдар кесіліп, аяқ су жүретін арықтар қураған жапырақтардан тазартылып, 12 тоннаға жуық күл-қоқыстар белгіленген орындарға шығарылды. Сондай-ақ, сенбілік жұмыстарының аясында көшелер, аллеялар мен саябақтарда 1500 түп ағаш отырғызылды.