“Әділетті Қазақстан – Адал азамат” тақырыбында Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен кездесуі Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылдық мәдениет үйінде өтті.

“Көш керуен” акциясы аясындағы кездесуде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда көксеген өзекті мәселелері талқыланды.
Кездесуде “Қоғамдық келісім” КММ директорының орынбасары, модератор Дәулет Омаров “Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері” ұлттық жобасын негізге алды.
АТТ, облыстық ҚХА жанындағы медиаторлар кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Жақсыбай Жакеев іргелі құндылық – бірлік және ынтымақтың маңыздылығын айтты.
Ал АТТ, ғылыми сарапшылық тобының мүшесі, заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Қуаныш Жарекеев құрылтайда айтылған маңызды құндылық бұл – Заң және тәртіп туралы, заңға қайшы келетін, қоғамға іріткі салатын және арандатушылық пиғылдағы кез келген әрекетке қатаң тыйым салыну қажеттігін атап өтті. Бұл тұрғыда Ассамблеяның жұмысы қарқынды екендігін алға тартты.
АТТ, «Бітім» медиация орталығының директоры Жанна Мирамбекқызы жаңа идеялар мен жасампаз қадамдар арқылы ұлт бірлігін нығайту, ел бірлігі үшін, мемлекет пен қоғам мүддесін бәрінен жоғары қою сынды мәселелер, ұлтымыздың тарихи сана-сезімін нығайту, мәдени мұраны жан-жақты дәріптеу, руханият, мәдениет, тарих, ұлт саулығы, адам капиталы, ұрпақ тәрбиесі саласында қордаланған мәселелерге тоқталды.
Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Серік Ыдырысов “Сондықтан да барлығынның баған бар,
Бір-біріне туыс болып қараңдар!
Мәңгі бақи бірлікпенен күн көрсін,
Интернационалдық маған қымбат адамдар! деп, жыр шумақтарын ауыл тұрғындарына арнап, олардың зор қошеметіне бөленді.
Мұнан соң, ауыл бірлігін сақтап, қоғамдық келісімді нығайтуға сүбелі үлес қосып жүрген еңбек адамдары, ауыл ақсақалдарына Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмахановтың Алғыс хаты табысталды.
Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына облыстық ҚХА құрылым қызметі мен міндеттері жазылған 100-ден аса ақпараттық бүктемелер таратылды.

БӨЛІСУ