Биылғы жылдың 12 сәуірі күні қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Комиссия жұмысына қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев төрағалық етті.

Комиссия отырысының күн тәртібіне «Жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар арасында тәрбие беру жұмыстары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы», «Қала бойынша мектеп асханаларының жай-күйі мен оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және сапасы туралы» мәселелері шығарылып, қаралды.

Алдымен мәслихат депутаттары сала мамандарымен бірге «Бәйтерек» тұрғын ауданында орналасқан №287 мектебінде болып, оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесін зерделеп, сала мамандарына тиісті ұсыныстарын енгізді.
Зерделеу барысында депутаттар тарапын №287 мектептің шатырынан су кетуі және қосалқы жарық қондырғысы орнатылмауына байланысты мердігер мекемеге тиісті тапсырмалар берілді.

Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Файзуллаев, қалалық электр тораптары басқарма директоры Е.Қаленов, «Су жүйесі» МКК директоры Б.Әбдіғаппар мектепті орталықтандырылған кәріз су жүйесіне қосу мен аяқ сумен қамтамасыз ету алдағы уақытта шешілетіндігі туралы түсіндірме берді.
Комиссия жұмысы қалалық мәслихатта сала мамандары, мектеп ата-аналары, мектеп басшыларының қатысуымен талқылау отырысымен жалғасып, күн тәртібіндегі мәселелер кеңінен талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты, қалалық полиция басқармасы ювеналды полиция басшысының орынбасары Л.Ахметова, «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығының әдіскері М.Қаракөз, ата-аналар атынан №3 ІТ мектеп-лицейі ата-аналар комитетінің төрайымы, көп балалы отбасы А.Қосанова, Қызылорда облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкілі Ж.Ұзақбаева, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Г.Сыздықова хабарлама жасап, сауалдарға жауап берді.

Комиссия отырысы барысында №3 ІТ мектеп-лицейі ата-аналар комитетінің төрайымы, көп балалы отбасы А.Қосанова: «Расында қазіргі таңдауы да, талғамы да бөлек жастарға қандай тәрбие беру ұтымды болмақ. Осы мәселенің жауабын қоғам болып, көтеріп отырумыз қажет деп түсінемін. Бүгінгі жиында ата-аналардың атынан қатысып отырғандығыма қуаныштымын. Осы жиынды пайдалана отырып, Өзім секілді ата-аналарды бала тәрбиесін ақсатып алмауға шақырамын» деді.

Облыстық «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығының әдіскері М.Қаракөз: «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жұмыстарын күшейту, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қызмет бағыттарын құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі менеджер лауазымын енгізу іс тәжірибесін ұсыну, білім алушылардың сабақтан тыс бос уақытын өткізуде педагог қызметкерлердің жауапкершілігінен босату, ата-ана жауапкершілігін күшейту» туралы ұсыныстарын жеткізді.

Оқушыларды сапалы тамақтандыру мәселесіне байланысты сөз алған Қызылорда облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкілі Ж.Ұзақбаева «Облыс басшысының қолдауымен біздің өңір 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылып отырған еліміздегі бірден-бір аймақ екендігін атап өтті. Жапырақ Бегімбайқызы қаланың 18 мектебінде жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысы бойынша орын алған кемшіліктерді тізбектей келе, кәсіпкерлердің жауапкершілігін арттыру, бракераж комиссия жұмысын жүргізу, ыстық тамақты ұйымдастыру, нормативтік құжаттарды түсіндіру бойынша білім беру ұйымдарының басшыларына оқыту семинар өткізу, қалалық сараптама топтың жұмысын күшейту туралы ұсыныстарын айтты.

Сонымен қатар, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Г.Сыздықова 45 мектепте жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша орын алған кемшіліктерді көрсетті. Әрбір мектеп асхана қызметкерлерімен тағамнан уланудың алдын алу, жеке бас гигиенасын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілгендігін атап өтті.

Өз кезегінде қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Дүйсенбайұлы комиссия отырысы барысында мектеп басшыларына көтерілген кемшіліктерді қалпына келтіру, әрбір мәселеден сабақ алу қажеттігі туралы ескертті.

Комиссия отырысына қалалық мәслихат депутаттары, Қызылорда облысының білім басқармасының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы” мекемесінің басшысы И.Койшибаева, Қызылорда облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкілі Ж.Ұзақбаева, қалалық білім бөлімі басшысының м.а С.Қалмақова, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Г.Сыздықова, қалалық полиция басқармасы ювеналды полиция басшысының орынбасары Ахметова Лязат Сундетқызы, «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығының әдіскері М.Қаракөз, «Жастар ресурстық орталығы» директоры М.Жорабек, мектеп директорлары мен қала мектептерінің ата-аналар комиттерінің төрағалары, тиісті қалалық дербес бөлімдер мен мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

БӨЛІСУ