Қызылордада 15 “SOS” дабыл батырмасы іске қосылған.
Қызылорда қаласы аумағындағы құқық бұзушылықтар мен орын алған қылмыстардың алдын-алу және шұғыл әрекет ету мақсатында азаматтарға арналған сервис –«102» арнасы «102» мобильді қосымшасы жұмыс атқаруда.
Алайда, қазіргі таңда азаматтар көп шоғырланатын орындарда “102”“SOS” дабыл батырмасының 15 құрылғысы орнатылып, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қазіргі заманғы және заманауи техникамен толыққан.
Мұнда “SOS” түймесін басу арқылы тәулік бойы жедел басқару орталығына видео арқылы қоңыраулар келіп түседі. Құрылғылардың орналасуы бейнебақылаумен жабдықталған, қиын жағдайда бұл кезекші бөлімнің қызметкеріне жағдайды өз бетінше бағалауға мүмкіндік береді. Құрылғы жерден бір метр биіктікте орналасқан. Оларды тіпті балалар да қолдана алады.
Атап айтсақ: Желтоқсан көшесі бойындағы Орталық алаң «Аманат» партиясы ғимаратының жаны, Жахаев пен Әбілхайырхан көшелері қиылысындағы «Студенттер сарайы» ғимараты, Абай даңғылы «Универсам» сауда үйі, Мұратбаев пен Бұқарбай батыр көшелері қиылысында ескерткіщ жаны, Қорқыт ата мен Өсербаев көшелерінде, Сол жағалау мөлтек ауданы «Жастар орталығы», «Темір жол Вокзалы», Н.Назарбаев даңғылы «Арай сити молл» ойын – сауық сауда орталығының ғимараты, Журба көшесі бойында орналасқан «Сырдария» сауда үйінің ғимараты, Тасбөгет кентіндегі «Орталық алаң», Толыбеков көшесі бойындағы «Тағзым алаңы», Қорқыт ата мен Пушкин көшелері қиылысындағы «Жаңа базар», Хон Бен До көшесінің бойындағы «Океан» сауда орталығының жаны, Хон Бен До көшесінің бойындағы «Рүстем» сауда орталығының жаны, Қорқыт ата көшесі №55 үйдің жаны.
Құрметті қала тұрғындары! Егер өзіңіздің немесе өзгенің қауіпсіздігіне немесе өміріне қауіп төніп тұр деп ойласаңыз, мас адамның рөлге отырғанын көрсеңіз, зорлық-зомбылықтың куәсі болсаңыз, күдікті адамды байқасаңыз, дереу хабар беріңіз.