Бүгін облыс бойынша 2023-2024 жылғы жылу беру маусымы аяқталды. Жылу беру маусымында өңірдегі 1 995 нысанға тұрақты түрде жылу энергиясымен қамтылып, тіршілікті қамтамасыз етуші кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Ізмағамбетов хабарлады.

– Облыс бойынша жылу беру маусымы тұрақты өтті. Дегенмен, қазіргі таңда алдағы жылу маусымына дайындық пен оны өткізу жөніндегі облыстық штаб құрылды. Осыған байланысты барлық жауапты кәсіпорындардың дайындық жұмыстарының кестесі бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Айта кетейін, биыл жылу желілерін жаңғырту бойынша республикалық бюджеттен 6 жобаға 6,7 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржыға 9,5 шақырым жылу желілері жаңғыртылатын болады. Сондай-ақ, кәсіпорын тарапынан 3,5 шақырым болатын жылу құбырлары ауыстырылады, – деді Бауыржан Ізмағамбетов.

БӨЛІСУ