Бүгін Достық үйінде Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Айбек Дайрабай және облыстық «Бітім» медиация орталығының директоры Жанна Мирамбекқызы бітімгерлік рәсімдер институтын нығайту, дамыту бағытында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мәселелер бойынша тараптардың ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылын белгілеу болып табылады.
Меморандум шеңберінде екі тарап этномедиация институттарын ақпараттандыру және қолдану аясын кеңейту, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саясатын нығайтуға бағытталған ақпараттық-насихаттық жұмыстарды бірлесіп жүзеге асыру, медиация және этномедиация бағытында тараптар бірлескен консультациялар, талдамалық зерттеулер, ғылыми-практикалық конференциялар және семинарлар өткізу, халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға, бірлескен медиативтік диалог алаңдарын ұйымдастыру, медиация саласындағы заңнаманың өзгерістері туралы хабардар ету, кеңес беру және оны қолдану жөнінде ақпараттандыру, қоғамдық медиаторлар мен өзге де мүдделі тұлғалардың біліктілігін арттыруда бірлескен шаралар қабылдауға, облыс кәсіпорындары мен мекемелері үшін медиация, қақтығыстар мен дауларды реттеу нысандары, әдістері мен тәсілдері бойынша бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруға мүдделі.

БӨЛІСУ