Бүгінде Ұлытау облысының «Кеңгір» мен «Жезді» су қоймаларынан түскен судың және Жамансарысу, Жақсысарысу өзендерінен келген судың мөлшері жылдағыдан көп болуына байланысты Сарысу өзенінің суы өз арнасына толып ағуда.

Сарысудың толуына байланысты Ұлытау және Қызылорда облыстарына ортақ өзенді бірлесіп тиімді пайдалану мақсатында басқарма басшысы Т. Дүйсебаев Ұлытау облысының жергілікті атқарушы органдарымен кездесу өткізді.

Бүгінгі күнге, Сарысудың суы соңғы құярлығы Телікөл көлінен 40-50 шақырым қашықтықта келеді. Ал, Телікөл көлінен 90-100 шақырым қашықтықта су арнасына сыймай жайылымдық, шабындық алқаптарға жайылуда.

Жайылымдық алқапта қоныстанған шаруалардың жағдайын көзбен көру мақсатында облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов және жауапты сала басшылары Сарысу өзенінің бойын аралады.

Жалпы Сарысу өзеніне келген судың пайдасы 400-500 мың гектар аумақ суландырылып, мал шаруашылығымен айналысатын шаруаларға жайылымдық алқаптардың шөбі көгалдандырылады. Осының нәтижесінде, шаруалар судың келгеніне қуаныштарын білдіріп, төрт түлік пен үй-жайларының суда қалу қауіпі жоқ екенін жеткізуде.

Кеңгір су қоймасы толып, 319 млн текше метр су қоры жиналып, 246 млн текше метр су жіберілді. Сарысу өзені жақын маңдағы елді мекендерге қауіп төндірді. Бірақ қауіптің алдын алу шаралары жүргізілді. Жаңаарқа, Байдалыби, Ақтүбек сынды кенттері, Жылынды елді мекенінде де осындай шаралар атқарылды. Өңірде орналасқан ірі мекемелер де жергілікті атқарушы органдарға үлкен көмек көрсетті.

БӨЛІСУ