Қала әкімі Cерік Қожаниязовтың төрағалығымен өткен актив отырысында «Қызылорда жолдары» ЖШС төрағасы Алтынбек Шомановқа Қызылорда қаласының «Құрметті азаматы» атағы берілді. Бұл марапат өткен жылдың қорытындысында табысталуы тиіс болатын. Алайда, белгілі себептерге байланысты марапаттау рәсімінің сәті бүгінге түсті.

«Алтынбек Дәуменұлы, Сіз басқаратын компания жол саласындағы көшбасшылардың бірі. Компания шаһарымыздың әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне зор үлес қосты. Осы іргелі істерге Өзіңіз ұйытқы болдыңыз. Бүгінгі марапат Сіздің Пайғамбар жасына келген мерейіңізбен тұспа-тұс келіп отыр. Қос қуанышыңызбен құттықтаймын. Алдағы уақытта да өңіріміздің дамуына атсалыса береді деп сенемін», – деді Серік Салауатұлы.

Алтынбек Шоманов жол құрылысы саласында үздіксіз 41 жыл еңбек еткен. Ол өңірдің жол инфрақұрылымын дамытуға атсалысқан елге танымал азамат.

Жиында марапат иесіне қалалық мәслихаттың төрағасы Ибадулла Құттықожаев және жол саласының ардагері Әтен Қалымбетов ізгі лебіздерін білдірді.

БӨЛІСУ