Күнделікті облыс орталығында әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарларын өндірушілерден тікелей тұтынушыларға жеткізілуін қамтамасыз етуші әлеуметтік дүкендердің қызметтеріне бақылау шаралары қабылдануда.

Осы орайда бүгінгі күнге арнайы мамандар Қасымхан көшесі, ескі базар маңындағы, Хон Бен До көшесіндегі, Ақмешіт 16 мекен жайдағы, Н. Назарбаев даңғылы бойындағы әлеуметтік дүкендер мен Универсам аялдамасындағы «Алатау» СҮ және «Аль-Асад» СҮ-леріндегі әлеуметтік бұрыштардағы сауда әріптестерімен бірігіп қызметтерді жақсарту бағытында тиісті шаралар қабылдады.

Тұрақтандыру қорының өнімдерді сауда желілеріне тиісті мерзімінде жеткізіліп, тиімді бағада сатылуда.

Бүгінгі күні әлеуметтік дүкендерде картоп 109 тг/кг, пияз 30 тг/кг, сәбіз 100 тг/кг, күріш 400 тг/кг, нан 65 тг/кг, макарон 275 тг/кг, күнбағыс майы 350 тг/кг және т.б. өнімдер төмен бағада халыққа ұсынылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба берітін болады.

БӨЛІСУ