Жамбыл облысында жалған террорист ұсталды,- деп хабарлайды Polisia.kz
Қаскүнем наркологиялық диспансерде бомба бар деп хабарлаған. Бірақ ақпарат жалған болып шықты.
ІІМ осы қылмыс үшін 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл не болмаса бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы көзделетінін еске салады.