Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізілді.

Бүгін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Комиссия отырысына аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімі аппаратының басшысы Р.Тілеп, аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлім басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты. Комиссия отырысына аудандық мәслихаттың төрағасы Ғ.Әліш төрағалық жасады.
Күн тәртібінде қаралған «2023 жылы салық базасын ұлғайту бойынша атқарылған жұмыстары мен алдағы міндеттері» туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ә.Әбиев хабарлама жасады.
Аудандық мәслихаттың депутаты Ә.Сарабеков салық базасын ұлғайту жөніндегі жұмысшы топ құрамы жеке тұрғын үйлерді жөндеуден айналысатын құрылысшыларды анықтап, оларды Мемлекеттік Кірістер басқармасына тіркету қажеттігін жеткізді.
Күн тәртібіндегі «Қазалы ауданы бойынша аймақтарды толыққанды электр қуатымен қамтамасыз ету туралы» аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Р.Ізтілеуовтің хабарламасы тыңдалды.
Аудандық мәслихаттың төрағасы Ғ.Әліш аудан бойынша істен шыққан трансформаторлық қосалқы стансаларды баланстан шығарып, оларды бұзу және жаңадан пайдалануға берілген трансформаторлық қосалқы стансаларды аудандық электр тарату торабы мекемесінің балансына өткізу керектігін айтты.
Сонымен бірге, аудандық мәслихаттың депутаттары Ә.Рахметов, Ш.Асқарова өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, Мемлекеттік Кірістер басқармасының басшысы Т.Қожаназаров салық базасын ұлғайту мақсатында соңғы 5 жыл ішінде аудан бойынша жүргізілген инженерлік-инфрақұрылымдарды құжаттандырып, тиісті мекемелердің балансына өткізу туралы ұсынысын білдірді. Комиссия соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлерінің негізінде қаулы жобасы қабылданды.

БӨЛІСУ