Бүгін партияның облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамовтың төрағалығымен партия филиалы жанындағы «Жер аманаты» аймақтық комиссиясы мен Партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Онда ағымдағы жылдың І тоқсан қорытындысымен пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарының орандалуы, «Жер аманаты» комиссиясына Сырдария ауданы Шіркейлі ауылының тұрғындарынан жерге қатысты түскен өтінішке қатысты қабылданған шаралар сонымен қатар жайылымдық жерлерді суландыру мәселелері талқыланды.

Биыл «Жер аманаты» комиссиясымен жыл соңына 70 мың га жер мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған. Бүгінге оның 11,2 мың га 16% қайтарылып, І-ші тоқсандағы меже 3,6 есе артығымен орындалып отыр.

Жиын барысында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев хабарлама жасап, қайтарлыған жерлерді ауыл шарушылығы айналымына қайта алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

Басқарма басшысының айтуынша бүгінгі күні өңірдегі 3 жылда қайтарылған 393,6 мың га жердің 25,3 мың гектары ауыл шаруашылығы айналымына қайта алынып, шаруашылық жүргізу мақсатында жаңа тұлғаларға конкурс арқылы және шалғайдағы мал жайылымы үшін берілуде. Оның 8390 гектары ағымдағы жылы енгізілген.

«Қалған 20,7 мың га жер жыл соңына дейін конкурсқа шығару жоспарланып отыр. Елді мекендердің маңында орналасқан 29,8 мың га жер 19 елді мекеннің жайылымы үшін белгіленді (2024-2025 жылдарға арналған жайылымды басқару жоспарына енгізілуде.Қалған 317,8 мың га арнайы жер қорында, қосымша саралап алдағы жылдары айналымға алу мәселесі шешілетін болады»,- дейді Талғат Дүйсебаев.

Отырыста партияның облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов Талғат Дүйсебаевтан «Жер аманаты» комиссиясына Сырдария ауданы Шіркейлі ауылының тұрғындарынан жер мәселесі бойынша түскен өтініштердің қаралуы бойынша және өтініште мәселе көтерген белсенді азаматтарға қатысты тәртіп сақтау бойынша шаралар қарау бойынша облыстық ішкі істер департаментінің тергеу басқармасының бөлім басшысы Асқар Жауеновке сөз берді.

Отырыста «Жер аманаты» комиссиясына Сырдария ауданы Шіркейлі ауылының тұрғындарынан жер мәселесі бойынша түскен өтініштің қаралуы және өтініште мәселе көтерген белсенді азаматтарға қатысты тәртіп сақтау бойынша қабылданған шаралар талқыланды.

Байқағанымыздай бұл мәселемен бүгінгі күні құқық қорғау органдары айналысып жатқандығынан барлық тарап хабардар. Ендігі заңға сәйкес тиісті шешімдер шығарылғанша өтініш партиялық бақылауда болатын болды.

Жиын барысында сондай-ақ, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының облыстық филиалынан жайылымдық жерлерді суландыру жөнінде түскен ұсынысы сала мамандарымен жан-жақты сараланып, тиісті шешімдер қабылданды.

БӨЛІСУ