А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде колледждің «Маусымашар – 2024» бөлімаралық финалдық ойыны өтті.

Жайдарман ойынына оқу орны бойынша «Филология» бөлімінен «Мимика» және «2 N D», «Өнер» бөлімінен «Өнер», «Физика, математика және ақпараттық жүйе» бөлімінен «Сүйіктілер» және «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінен «Baby house» командалары өнер көрсетті. Сондай-ақ қонақ ретінде Жалағаш ауданы, Дәуімбай елдімекенінің «Дәуімбай» командасы қатысып, көрермен көзайымына айналды.

Әзіл алаңындағы жас жайдарманшыларға қолдау білдіру үшін колледж директоры Ж.Тоғанова арнайы қатысып, Қызылорда Жайдарман филиалының директоры Руслан Тәкісбай, «Қазалы» құрамасының ойыншысы Елдос Қадырбек, колледж директорының ақпараттық-талдау бөлімінің меңгерушісі Роза Шермаханова және оқу орны намысын қорғап жүрген «Мәншүк құрамасы» командасының ойыншылары Бекжан Өтеген мен Сабыржан Қасым әділ қазылық етті.

Көрермен қауымды әсерлі әзіл, қағытпа қалжыңмен қанаттандырып, көпшілік қошеметіне бөленген ойыншылар «Сәлемдесу» және «Биатлон» айдары бойынша әзіл бәйгесінде бақ сынады. Ойын талабына сай «Жұлдызды қонақ» айдарында арнайы қонақтармен бірге өнер көрсетті. Сайыстың қорытынды кезеңінде әділқазы алқалары командалар ойынына қатысты артықшылықтар мен кемшіліктерге тоқталып, алдағы уақытта ескеру үшін ұсыныс-пікір айта отырып І орынға «2 N D» командасын, ІІ орынға «Мимика» командасын және ІІІ орынға «Өнер» командасын лайық деп таныды. Сонымен қоса “Өнер” командасы мүшесі Талғат Жандәулет “Үздік ойыншы” номинациясымен марапатталды.

БӨЛІСУ