Қасиетті Қадір түнінде облыс мешіттерінің шәкірттері арасында өткен Құран Кәрімді 3 парасын және 1 парасын жатқа оқу сайысының жеңімпаздары марапатталды.

Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жанасұлы облыстық “Ақмешіт-Сырдария” орталық мешітіне жиылған жамағат алдында жүлдегерлерді құттықтап, арнайы тағайындалған дипломдар мен қаржылай сертификаттарды табыстады.

Айта кетейік, Құран түскен құтты айдың құрметіне, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторының мұрындық болуымен, «Мүсірәлі ата» мешітінде Қайрат Бөріқожаұлын еске алуға арналған облыстық байқау ұйымдастырылған болатын.

Жарысқа 40 үміткер қатысып, қазылар алқасының қорытынды шешімі бойынша:

Құран Кәрімнің 1 парасын жатқа оқудан
І орын – Елдос Есенгелдіұлы (100 000тг)
ІІ орын – Рахат Жиенқожаұлы (70 000тг)
ІІІ орын – Дарын Талғатұлы (50 000тг)
ІІІ орын – Мұхаммадсыддық Бауыржанұлы (50 000тг)

Құран Кәрімнің 3 парасын жатқа оқудан
І орын – Арсен Советханұлы (150 000тг)
ІІ орын – Асылбек Даниярұлы (100 000тг)
ІІІ орын – Асқар Қуанышұлы (70 000тг) үздік деп танылды.

БӨЛІСУ