Облыс әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара
іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі Кеңес отырысы өтті.

Бүгін облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Баймановтың төрағалық етуімен Облыс әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі Кеңес отырысы өтті.
Үкіметтік емес ұйымдар – ел қуатын арттырып, мемлекет пен билік арасындағы байланысты орнатып, ел арасында тұрақтылықты күшейтетін маңызды қоғамдық институт.
Бүгінгі күні облыс көлемінде 1000-нан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген. Аймақтағы үкіметтік емес ұйымдар уақыт өте келе көбеюде. Мысалға мемлекетіміз тәуелсіздік алған жылдары облыстағы қоғамдық ұйымдардың саны бар болғаны 15 болса, бүгінде олардың саны мыңнан асты. Бұл көрсеткіш – азаматтық сектордың күшейіп, белсенділік алғанын айғақтап тұр.
Қазіргі таңда облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктер жанындағы кеңестер мен комиссиялар құрамында 150 үкіметтік емес ұйым өкілдері мүшелік етуде.
Өткен жылы облыс бойынша 143 әлеуметтік жоба жүзеге асырылса, ағымдағы жылғы 5 сәуірдегі жағдайға сәйкес 134 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.
Кеңес отырысында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Есмаханов облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне жүргізілген талдау нәтижелері туралы баяндама жасады.
«Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Анар Ізден үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар арасында өзара ынтымақтастық жөнінде баяндап өтті.
Кеңес отырысында салалық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдіктеріне үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық бағытында тиісті жұмыстарды үйлестіру жөнінде тапсырмалар берілді.

БӨЛІСУ