Уылдырық-2024 жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Арал ауданының аумағында көктемгі балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею кезеңінде ағымдағы жылдың сәуір айының 1 күндері мен мамыр айының 31 күндері аралығында, сондай ақ кіші Арал теңізінде мамыр айының 1 мен маусым айының 10 күндері аралығында «Уылдырық-2024» жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
Осыған байланысты, балық қорғау органдарына балық уылдырық шашатын кезеңде браконьерліктің жолын кесу мақсатында авто және ауыларалық жолдарда көлік құралдарын, заңсыз аулау объектілері мен өнімдерін, құжатсыз аңшылық атыс қаруын және басқа да аң аулау құралдарын заңсыз тасымалдау бойынша тексерістер жүргізіледі.

Уылдырық шашу – балықтардың жетілген уылдырықтары мен ұрықтарын шашып, ұрықтандыруы. Көптеген балық түрлерінің ұрықтану сыртқы ортада, ұрғашыларының денелерінен аулақ, суда, шабақтарынын өсіп-жетілуіне қолайлы, белгілі бір жерде өтеді. Балықтардын көптеген түрлері уылдырық шашу үшін өзенмен бірнеше мың шақырым жерге көтеріледі. Тұщы су балықтары уылдырығын тасқа, (митодильділер-бекрелер, бырт-балықтар), өсімдіктерге (фитофильділер – сазан, таоан) және уылдырығын судың қалың ортасына салатындары бар (пелагофильдер – дөңмайдай балық). Теңіз балықтары уылдырықтарын су түбіне немесе суға шашады. Суық су қоймаларындабалықтаркөктемде, жазда, күзде уылдырық шашады. Тропикалық суларда – жыл бойы.

Біздің елімізде іс жүзінде барлық балық мекендейтін тұщы су айдындарында, балықтар уылдырық шашу арқылы көбейеді. Балықтардың уылдырықтарының саны балық түрлеріне қарай әртүрлі болады және жыл сайын өзгеріп отырады. Мысалы, тұқы шамамен 1,5 миллион уылдырық береді, ал жайын балықтары өте аз мөлшерде уылдырық шашады – шамамен 500 уылдырық. Уылдырық шашар алдында балықтар суайдындардың ағысы төмен жағалауларына шыға бастайды. Балықтардың түрлеріне байланысты уылдырық шашатын орындары да әртүрлі болып келеді. Кейбір балықтар жыл сайын уылдырық шашқан орындарын таңдаса, кейбір балықтар судың қайраң, өте терең емес бөліктеріне қарай ығысады.

Уылдырық шашу кезінде судың температурасы маңызды рөл атқарады. Уылдырық шашу үшін су температурасы оңтайлы болуы керек, өйткені балықтың өзі де, уылдырықтарда сыртқы өзгерістерге өте сезімтал болып келеді. Сонымен қатар, су температурасы мен оның гидрохимиялық құрамы балықтарға сәйкес келмесе, онда мұндай суайдындарға олар ешқашан уылдырық шашпайды. Алайда, кейбір жыртқыш балық түрлері суық суда да уылдырық шаша береді.

БӨЛІСУ