Департаменттің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы Н.Сүлейменов ағымдағы жылғы 3 сәуірде қалалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысына қатысты.

Кеңес төрағасы С.Ә.Дүйсенбаевтің төрағалығымен өткен отырыс қоғамдық кеңес мүшелері, кент, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.
Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты 2 мәселе қойылды.
Атап айтқанда, Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі, Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтер бойынша 2023 жылы атқарылған жұмыстары және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру, жетілдіру бағытында атқарылып жатқан
іс-шаралар бойынша Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының м.а. Н.Баймырзаев пен Қызылжарма ауылдық округі әкімі Ш.Әбдірахманов баяндама жасады.
Кеңес отырысына қатысқан Департаменттің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы Н.Сүлейменов мемлекеттік органдарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы және уақытылы көрсету бойынша бірнеше ұсыныстар берді.
Кездесу барысында кеңес мүшелері тарапынан түрлі сауалдар қойылып, ұсыныс пікірлер айтылды.

БӨЛІСУ