”Дарын” облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Жауқазын жүрек» І облыстық (өңірлік) балалар шығармашылығын дамытуға арналған көшпелі әдеби алаң Шиелі ауданында жалғасын тапты. Қызылорда қаласында ақындықты сынаған жас талапкерлерден кейін әңгіме жазуға қызығушылығы бар дарынды балалар Шиелі ауданында бас қосты.
Әдеби алаңға 15 наурыз күні облысымыздың әр ауданынан жиналған оқушылар әңгіме жазу бойынша бақ сынап, алаңның «Қауырсын қалам», аудиалды жазылым бойынша «Қиялымды самғаттым…»,визуал вайб тапсырмасымен «Суреттер сөйлейді…» кезеңдерінде өз шығармашылықтарын танытты.
Жас қаламгерлер жұмысын Қазақстан Республикасының Журналистер Одағының мүшесі Дина Жүсіпова, аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторының орынбасары Гүлнар Дүйсебай, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ләззат Түменбаева сараптама жасап, арнайы бағалау өлшемдерімен бағалап, өз пікірлерін білдірді, бағыт-бағдар жасады.
Әдеби алаңда сөз маржанын тереңнен теріп, көркем құндылығымен, әңгімедегі оқиға арқауымен тыңдарман қауымды ынтықтыра алған 9 оқушы арнайы номинациялармен марапатталды.
1. «Қиялы ұшқыр қаламгер» – Мұхамбетияр Жарқын (Қызылорда)
2. «Көркем сөздің шебері» – Әжіманова Гүлжайна (Жаңақорған)
3. «Әсерлі әңгіме қаламгері» – Бекзулла Ұлбосын (Жалағаш)
4. «Сырлы сезім иесі» – Кенжебекқызы Әлия (Қазалы)
5. «Уақыттан ойы ұшқыр» – Әлібекқызы Әзиза (Сырдария)
6. «Импровизатор қаламгер» – Сейтомаров Нұрлыжан (Шиелі)
7. «Ойы терең, өрнегі өзгеше қаламгер» – Орынбасаров Ердәулет (Қармақшы)
8. «Сара сөздің зергері»- Қуанышқызы Аянат (Сырдария)
9. «Образ сомдаудың озығы» – Маратова Нұрай (Арал)
Әдеби алаң соңында көшпелі «Жауқазын жүрек» статуеткасы Сырдария ауданына табысталды.
2024-04-05