«AMANAT» партиясы 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» деп аталатын Сайлауалды бағдарламасында сапалы білім беру үшін жағдай жасау, өңірде білім беру нысандарының қолжетімділігін арттыру, білім беру нысандарының құрылысын және мектепке қосымша құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаражат қарастыруды мақсат еткен болатын.

Өткен жылы осы бағытта ауқымды жұмыстар жүзеге асты. Атап айтсақ, аймақта 2700 орындық 6 білім беру ұйымдарының ғимараттары пайдалануға берілді. Олардың қатарында Шиелі ауданы, Байсын елді мекеніндегі 250 орындық мектеп те бар. Кеше ауданға қарасты Иіркөл ауылдық округі, Жансейіт елдімекенінде партияның сайлауалды бағдарламасы аясында жаңа 100 орындық білім ордасының құрылысы басталды. Осы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланып отыр.
Құрылыс жұмысын бас мердігер «СМП Қызылорда» ЖШС жүргізуде. Қазіргі таңда нысанның іргетасы қалануда. Оған жергілікті жердің 20 азаматы жұмыс істейде. Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша алдағы уақытта тағы 20 -ға жуық азамат жұмысқа тартылмақ.

Құрылыс сапасын, бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау мақсатында партияның Шиелі аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы білім нысаны құрылысы басына партиялық бақылау бекетін орнатты. Білім ошағы пайдалануға берілгенше «AMANAT» партиясының бақылауында болады.

БӨЛІСУ