Қызылорда қаласы аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің нұсқауына сәйкес 1-4 сәуір күндері аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс шарасы басталды.
Іс-шараның мақсаты көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ашу және жолын кесу, сондай-ақ жол қауіпсіздігін сақтау болып табылады.
«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасының бір күнінде 303 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, қоғамдық орында спирт ішімдігін ішу – 14, ұсақ бұзақылық – 5, масаң күйде автокөлік басқарудың – 1 дерегі анықталса, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 45 жүргізушіні тартқан және мемлекеттік немесе міндетті техникалық қарап – тексеруден өтпеген 9 автокөлік белгілі болды.
Сонымен қатар, 27 автокөлік айып тұрағына қойылса, 26 автокөліктің мемлекеттік белгісі шешілді әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу үшін тиісті заң аясында бақылауды күшейтуде. Жол ережелеріне бағынбаған немесе қылмыс жасаған азаматтар құқықтық жауапкершіліке тартылатындығын ескертеді.