М. Шәменов елді мекеніне кіреберіс жол аудан әкімінің назарынан тыс қалмады. Аудандық маңызы бар жолды күрделі жөндеуден өткізу тұрғындар үшін маңызды мәселелердің бірі екендігін айтты. 2024 жылы кіреберіс жол мәселесі оң шешім табады. Сондай-ақ, ауыл әкіміне тазалық жұмыстарын күнделікті қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Сонымен қатар, аудан әкімі Ардақ Ибраимов ауыл тұрғындарымен кездесіп, талап-тілектерін тыңдады. Жергілікті тұрғындармен бірге аяқсу мәселесін шешу мақсатында су тарту құрылғысын орналастыруға арналған орынға барды. Халыққа ауылдың келешегі үшін қорғаныс бөгетін бұзбай, сыйымдылығы жоғары су айдағыш құрылғы әкелу мақсатында сүйемелдеу жұмыстарын жасайтынын жеткізді.

Ауылдарды дамыту жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ. Елді мекенинфрақұрылымы дамып, өндіріс орындары ашылып, көркейту-абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бұл бағыттағы жұмыстар Президентіміздің «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлығына сәйкес жүргізілуде.

Оның ішінде, кәсіпкерлікті дамыту бойынша«Ауыл Аманаты» жобасы аясында аудан бойынша 179,7 млн. теңгені құрайтын                22 жоба қаржыландырылды.

Биылғы жылы аталған жоба бойынша 381млн. теңгенің несие қаражатын алу жоспарымызда бар. Несие қаражаттары негізінен асыл тұқымды мал шаруашылығы мен өңдеу саласына бағытталатын болады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құрылған Бірыңғай Жалпыұлттық жобалар пулы аясында ағымдағы жылы Жалағаш ауданы бойынша жалпы құны 1,0 млрд. теңгені құрайтын екі жоба іске асырылатын болады.

Біріншісі, жеке кәсіпкер Д.Ержановтың жеке қаражаты есебінен құны 500,0 млн. теңгеболатын «Күріш ақтау және жем өндіру»жобасы. Жоба аясында 20 жаңа жұмыс орны құрылады.

Екіншісі, «UNO-PROF Строй» ЖШС-ніңжеке қаражаты есебінен жалпы құны 500,0 млн. тенгені құрайтын «Асфальт өндіру зауыты» жобасы. Жоба іске қосылған уақытта тәулігіне 800 тонна асфальт өндіріліп, 10 жаңа жұмыс орны ашылады. Халықтың өмір сүру сапасын жақсартудағы маңызды фактор – сапалы инфрақұрылым, баспанамен қамту.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры есебінен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына 51 тұрғын үй сатып алуға              538,6 млн. теңге бөлініп, жеке кәсіпкерлер арқылы аудан орталығынан салынған үйлер тұрғындарға пайдалануға берілді.        

БӨЛІСУ