«Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық оқиғалары және ата-ана жауапкершілігі» тақырыбында аудан әкімі орынбасары, аудандық полиция бөлімі , аудандық прокуратура, білім бөлімінің басшыларының қатысуымен аудандық оқушылар үйінде кездесуі өткізілді .

«Жасөспірім және жауапкершілік>> тақырыбында білім беру мекемелерінің директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог психологтар мен әлеуметтік педагогтар, қоғамдық ұйымдар өкілдері – қамқоршылық кеңес төрағалары және ата-аналар комитетінің төрағалары қатысқан жиын өтті.
Кәмелет жасына толмағандардың қатысуымен болатын қылмыс пен құқықбұзушылықтар мен оқыс оқиғалар және келеңсіз жайттардың алдын алу, сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған жиында аудан әкімінің орынбасары Ғ.Сүлейменов сөз алып, «Ел болам десең, бесігіңді түзе» демекші, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақыттарында немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне септігін тигізетінін жеткізді.
«Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық оқиғалары және ата-ана жауапкершілігі» тақырыбы бойынша аудандық полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі М.Өсер баяндама жасап, жиынға қатысушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.
Байлығымыз – балалар! Келешегіміз де сол бүлдіршіндер. Олардың алаңсыз білім алып, қауіпсіз өмір сүруіне әрқайсымыз жауаптымыз. Сондықтан отбасында ата-ана, мектепте-ұстаздар, ал, жол бойында полиция қызметкерлері балаларымыздың санасына қауіпсіздік ережелерін ұдайы сіңіріп, бағыт-бағдар беріп отырғаны абзал.

БӨЛІСУ