Бүгін облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжіліс отырысында көтерілген мәселелерге сәйкес аудан әкімі Ардақ Ибраимов елімізде орын алған төтенше жағдайларға байланысты алдын алу шараларын қабылдау қажеттігін жеткізді.

Осы бағытта облыс бойынша қауіпті учаскелерді нығайтуға бюджеттен тиісті қаражаттар бөлінуде.
Жалағаш ауданындағы М.Шаменов ауылы маңындағы Сырдария өзенінің оң жағалауындағы «Самит арна – Шөмен қайыры» учаскесі аралығындағы қорғаныс бөгетін күшейту-нығайту жұмыстарын атқаруға облыстық бюджеттен 32,9 млн. теңге қаржы бөлінді.

Сонымен қатар, тиісті ауылдық округ әкімдері Сырдария өзенінің бойындағы судың деңгейін күнделікті қадағалау мақсатында құрылған кезекшіліктер үзіліссіз жүргізілуін қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Сондай-ақ, көктемгі залалсыздандыру жұмыстарының I кезеңі 6 – 28 мамыр күндері аралығында жүргізілетінін ескере отырып, кент және ауылдық округ әкімдеріне жеке тұрғын үй-жайларды, мал қораларына тазарту жұмыстарын жүргізуін қатаң бақылауға алу қажеттігі айтылды.

Алдағы уақытта, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіліер арқылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қауіптілігі туралы кеңінен ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілетін болады.

Тапсырмаларадың орындалуын бақылау және үйлестіру аудан әкімінің орынбасары Байнахатов Әліби Қодарұлына жүктеледі.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес барлық сала бойынша тұрғындардың өмір қауіпсіздігі үшін қолайлы жағдайлар жасау қажеттігін жеткізді.

БӨЛІСУ