«AMANAT» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында қабылдау өткізілді.

Қабылдауды Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Баймағанбетова Светлана Құдиярханқызы және Жергілікті полиция қызметі бөлімінің аға инспекторы, полиция капитаны Ерболат Айгерім Ерболатқызы жүргізді.

Қабылдауға келушілер тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері үшін қаралған жауапкершілік түрлері, зорлық-зомбылық жағдайы орын алғанда қайда хабарласуға болатыны туралы кеңес сұрады.

Полиция қызметкерлері аталмыш бағытта атқарылап жатқан жұмыстарға тоқталып, келушілердің сұрақтарына жауап берді. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасылармен профилактикалық жұмыстарға, жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

Есепті мерзімде тұрмыстық жанжалдар туралы 1556 өтініш қаралып, 64% (1 109) материал бойынша әкімшілік іс қозғалған. Әкімшілік қамауға алынған адамдардың саны өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артқан. Сотта 300-дей отбасы татуласты. Сонымен қатар, жандандырды. Жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы 1556 қорғау нұсқамасы шығарылды және құқық бұзушының мінез-құлқына 177 ерекше талаптар белгіленген.

Келушілерге тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін шешу құқық қорғау және мемлекеттік органдарға ғана емес, Қазақстан Республикасының әрбір азаматына тиесілі екені түсіндірілді.

Тұрмыстық бағытта заңбұзушылық орын алғанын байқасаңыз тәулік бойы полиция желісі «102» және «111», «150» жедел желісінің телефондары жұмыс істейтіні, оларға әрбір қоңырау шалған адам тиісті кеңес немесе қолдау алуға мүмкіндігі бар екені түсіндірілді.

БӨЛІСУ