Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен бірқатар өзекті мәселелерге қатысты мәжіліс өтті. Мәжілістің күн тәртібінде 2024 жылға арналған салық түсімдерін арттыру, ауданда шағын және орта кәсіпкерлік субектілерінің тіркелімі мәселелері қозғалды.

Алдымен аудан басшысы салық салу базасын ұлғайтуға байланысты бекітілген жоспарға сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Бұл бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Әліби Әбиев пен оған қосымша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Темірлан Қожаназаров қосымша баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Осы ретте аудан әкімі Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және ауылдық округ әкімдеріне басты міндеттердің бірі – салық салу базасын ұлғайту және бюджетке қосымша кіріс көздерін қалыптастыру екенін айтып, осы бойынша жұмысты күшейтуді қатаң тапсырды.

Мәжілістегі екінші мәселе аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік субектілердің тіркелімі бойынша аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақов хабарлама жасады. Бөлім басшысына бұл бойынша жыл соңына дейін кәсіпкерлік субъектілердің белсенділігін жоспарланған межеге жеткізу керектігін айтып, ауыл әкімдерімен бірлесіп, жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру қажеттігін ескертті. Сонымен қатар мәжілісте кент,қала және ауыл әкімдері мен кәсіпкерлік бөлімінің басшысына ауданда шағын өндіріс орындарын көптеп ашу, кәсіп ашамын деген жандарға жан-жақты қолдау көрсету жөнінде тапсырмалар берілді.

Айта кетейік мәжілісте мұнан бөлек бау-бақша егу жұмыстары, көлдермен жайылымдық жерлерді суландыру, мал басының есебін нақтылау мәселелері қозғалып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

БӨЛІСУ