Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетовтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өткізілді.
Комиссияның күн тәртібінде – балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс жоспары туралы, темір жол аумағындағы балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін сақтау және аудандық полиция бөлімінің ұсыныстарына сәйкес 4 мәселе қозғалды.
Жиын барысында Қазалы ауданы прокуратурасының прокуроры Алмат Алдабергеновпен комиссия мүшелері күн тәртібінде қозғалған мәселелерді талқылап, оңтайлы шешімдер қабылдады. Сонымен қатар қаралған мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерінде жеткізді.
Комиссия төрағасы Дәурен Оңғарбайұлы кәмелетке толмаған әрбір жасөспірімнің қауіпсіздігі ата-анамен ұстаздардың ұдайы назарда болуы қажеттігін айтты. Сондай-ақ олардың арасында оқыс оқиғалар, құқық бұзушылықтар мен қылмыстар болған жағдайда комиссия жедел шешім қабылдап, алдын алу жұмыстарын жүргізуі қажеттігін жеткізді.