Достық үйіне Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің студенттері келді.

Олардың Сыр өңіріне келудегі мақсаты – “Академиялық ұтқырлық” бағдарламасы негізінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетімен өзара тәжірибе алмасу.
“Музейтану” бағыты бойынша білім алып жүрген қырғыз студенттеріне Достық үйін “Қоғамдық келісім” КММ директорының орынбасары Дәулет Омаров пен облыстық Қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Сақтапберген Жұбатқанов таныстырды.
Қырғыз этностарының фотосуреттерін, тұрмыстық заттарын және ұлттық киімдерін көрсетті. Облыстық қырғыз этномәдени бірлестігінің этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы атқарған жұмыстарын айтып өтті.

БӨЛІСУ