Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте салық базасын ұлғайту мәселелері қаралды.

«Өңірде тиімді салық саясатын жүргізу, облыстың қаржы қазанына түсімдердің толыққанды түсуін, тиімді жоспарлануын әрі игерілуін сапалы және нәтижелі ұйымдастыру – басты міндетіміз. Аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттерінің кіріс көзінің тиімді жоспарлануына, орындалуына жауапкершілікпен қарап, тұрақты бақылау жүргізілуі тиіс», – деді аймақ басшысы.

Мәжілістен соң аудан әкімі Жандос Еркінбек сала басшыларымен күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша жиын өткізді.

Жиында кәсіпкерлік нысандарынан түсетін салық көлемі, әкімшілік айыппұлдарды толығымен және уақытылы өндіру, жылжымайтын және жылжымалы мүлікті салық салу объектісі ретінде базаға тіркеу, инвестиция көлемін ұлғайту жолдары талқыланды. Сондай-ақ, аудан бойынша салық базасын кеңейту үшін нақты жұмыстар атқарылып, ұсыныстар әзірленетін болады.

Аудан басшысы мәжілісте көтерілген мәселелер бойынша сала басшыларына тапсырмалар жүктеп, жиынды қорытындылады.

БӨЛІСУ