Шымкентте бұрынғы әйелін кепілге алып қарулы күйде арнайы жасақтан қашқан азамат ұсталды. Қызылорда облысының 34 жастағы тұрғыны үш жыл бұрын ажырасып кеткен әйелін Сайрам ауданынан алып қашқан. Оны тәртіп сақшылары мен арнайы жасақ Шымкентте қуып жетті. Тіпті күдіктіні ұстау үшін жарықпен дыбыс шығарғыш граната қолдануға тура келді. Ал қашқын 31 жастағы келіншегін тамағынан жаралап үлгерген.
Мойнынан жарақат алып, миы шайқалған әйел қазір Сайрам аудандық ауруханасында.
Ал ұстау операциясы кезінде оқ тиіп, әрі өзінің қарнын тіліп тастаған күдікті де ауруханға жеткізілді. Шұғыл ота жасалған, жансақтау бөлімінде.

БӨЛІСУ