Skip to content

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 130 МЫҢ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Жыл басынан жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 130 мыңнан астам адам қамтылды.

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 131,5 мың адам қатысты. 110,8 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 35,3 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 12,6 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 11,2 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 8,1 мың адам қамтылды, оның ішінде 4,7 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Қызмет саласын таңдау мақсатында 45,1 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК (1 476 800 теңге) мөлшерінде 9 мың грант және жастарға  жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық 5 млн теңгеге дейінгі 5 796 жеңілдетілген микрокредит беру көзделген.

Өткен жылы Қызылорда қаласында 13 539 жаңа жұмыс орны ашылды. Жыл көлемінде қалалық мансап орталығына жұмыс іздеуші ретінде 22 442 тұрғын жүгінген болса, оның ішінде 16 954 азамат уақытша жұмысқа жолдама алды, 5 478 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу жөніндегі тапсырмасы аясында қалада 5 820 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал, мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту бағытында 304 азамат тұрақты жұмысқа жолданды. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған 130 адам жұмыспен қамтылды, – деді Кенжегүл Құрақбайқызы. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» Ұлттық жоба аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 25 азамат жолданды.

Бағдарламаның екінші бағыты – «Жаңа бизнес – идеяларды іске асыру» бойынша 461 азамат мемлекеттік грантқа ие болды. Сондай-ақ, бағдарламаның үшінші бағыты – «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары» бойынша қоғамдық жұмыстарға 3194 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 189 адам, жастар тәжірибесіне 1381 жас маман, «Алғашқы жұмыс орны» жобасымен 70 жас маман, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасымен 4 адам, «Күміс жас» жобасымен 798 зейнеталды жастағы азамат жұмысқа жолданды.

БӨЛІСУ

Designed using Hoot Business. Powered by WordPress.