Қызылорда қаласы Полиция басқармасының криминалды полиция бөлімінің аға жедел уәкілі полиция майоры Касимов Еркебұлан және ювеналды полиция бөлімшесінің полиция капитаны Романов Батыр И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында білім алушылармен кездесу өткізілді.Жиында тәртіп сақшылары жоғары сынып оқушыларымен тілдесіп, қылмыссыз қоғам орнатуға қатысты әңгімелер өрбітті.
Аталмыш шарада кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы, түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы және оған төленетін айыппұл мөлшеріне арнайы тоқталып өтті.
Он сегіз жасқа толмаған адамдардың темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, тұтынудың электрондық жүйелерін пайдалану және сатуы, оларға салынатын айыппұл мөлшерлері туралы мәліметтерге тоқталды. Ата-аналардың жауапкершілігі заңмен көзделген.
Одан бөлек, полицейлер қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын-алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Ал, кездесуге қатысқан студенттер көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.

БӨЛІСУ