«Өнер» бөлімінің «Ұлттық өнер – кемел келешек құндылығы» атты апталығы аясында Қазанғап атындағы Қызылорда жоғарғы музыкалық колледжінің оқытушысы тәжіриебелі ұстаз, «Елбасы -2021» республикалық байқауының «Шебер ұстаз» медалінің және Ы.Алтынсарин төс белгісінің иегері, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Үздік педагог-2023» атағын иемденген Борангулова Асия Сейілханқызының «Баян аспабын кәсіби меңгеру жолдары және шығарманы штрихтармен мәнерлеп орындаудың маңызды рөлі» тақырыбындағы шеберлік сағаты өтті.
Шеберлік сағатының мақсаты – жас ұрпақты шығармашылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеуде арнайы пән оқытушыларының кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру, педагогтермен тәжірибе алмасу барысында тиімді әдіс-тәсілдерді оқу тәрбие процесінде қолдану болып табылады.
Кәсіби маманмен өткен шеберлік сағатында Әсия Сейілханқызы білім алушылармен жұмыс жасай отырып, студенттерге баян аспабымен бірнеше шығармаларды орындата отырып, шығарма орындауда штрихтардың мәнерлеп орындалу әдіс-тәсілдерін көрсетті. Шебер ұстаз білім алушылардың аспапты орындау кезінде жіберген қателіктерін түзете отырып, шығарманың белгілерімен, көркемдеп орындау үшін жасалатын жұмыстарды көрсетті. Оқу орнымызда қонақ болып, кәсіби тәжірибесімен бөліскен республикаға белгілі тәжірибелі маман шәкірттерінің концерттік бағдарламасымен келді.
Жиын соңында «Өнер» бөлімінің оқытушысы Айқын Кенжеғараева Әсия Сейілханқызына колледж директорының «Алғыс» хатын табыстап, құнды тәжірибесімен бөліскен уақытына ризашылық білдірді.