Қызылордада қоян – қолтық ұрыстан жүлдемен оралған полицейлер марапатталды.
Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Омаров Оралбек Тәубақабылұлы қоян – қолтық ұрыстан жүлдемен оралған қызметкерлерді марапаттап, жеңістерімен құттықтады.
Жуырда Өскемен қаласында қоян – қолтық ұрыстан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Сайысқа
Сыр елінің атынан Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қатысып, жүлделі оралды. 62 кг салмақ дәрежесінде бағын сынаған ЖҚАЖ иснпекторы полиция аға лейтенанты
Смағұл Ербол 3 орынды иеленсе, 64 кг салмақ дәрежесінде 2 орынды ЖҚАЖ инспекторы полиция лейтенанты Болат Айжан, 58 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен
ЖҚАЖ иснпекторы полиция аға лейтенанты
Нұрмахан Ғайни 2 орынды қанжығасына байлады. Сонымен қатар, Астана қаласында ересектер арасында Белбеу күрес спорт түрінен өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы саптық бөлінісінің инспекторы полиция аға лейтенанты Оразбай Арайлым 76 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды.
Департамент бастығының орынбасары ісіне мығым, қоғамдық өмірде де белсенді тәртіп сақшыларын құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.