Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицей базасында Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің сектор меңгерушісі С.Қалмаханова, әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Қожахметов және мобилді топ мүшелерінің қатысуымен педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын түсіндіру семинары өтті.
Семинарда «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына» енгізілетін өзгерістер бойынша қала бойынша аттестацияға жауапты мамандарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта қолданысқа енгізілетін «Ұстаз» платформасының ерекшеліктері мен жобадағы өзгерістерге тоқталып түсіндірді.
Атап айтқанда, аттестаттау кезеңдері, ПББ (педагогтың білімін бағалау) кезіндегі Қағидалар, Платформа жұмыс істей бастағанға дейін (өтпелі кезеңде) педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) шарттары мен тәртібі, қызмет нәтижелерінің кешенді жинақтау талаптары, ПББ-да (педагогтың білімін бағалау) келетін тапсырмалар, өтудің шекті деңгейлері сияқты мәселелер талқыланып, түсіндірілді.
Педагогтар аттестаттауға қатысты сұрақтарын қойып, жауап алмасты. Түсіндірме жұмыстары әрі қарай да жалғасын табатын болады.
