Қызылорда облысы Полиция Департаментінің бастығы республикалық турнирде жүлделі орын алған қызметкерлерді құттықтады

Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Аблазимов Махсудхан Нұғманұлы қоян-қолтық ұрыстан жүлдемен оралған қызметкерлерді қабылдап, жеңістерімен құттықтады.
Өскемен қаласында қоян – қолтық ұрыстан ересектер арасында Қазақстан Республикасының турнирі өткен болатын.
Аталмыш турнирге Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қатысып, жүлделі оралды. 62 кг салмақ дәрежесінде бағын сынаған ЖҚАЖ иснпекторы полиция аға лейтенанты Смағұл Ербол 3 орынды иеленсе, 64 кг салмақ дәрежесінде 2 орынды ЖҚАЖ инспекторы полиция лейтенанты Болат Айжан, 58 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен ЖҚАЖ иснпекторы полиция аға лейтенанты Нұрмахан Ғайни 2 орынды қанжығасына байлады.
Сонымен қатар, Астана қаласында ересектер арасында Белбеу күрес спорт түрінен өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы саптық бөлінісінің инспекторы полиция аға лейтенанты Оразбай Арайлым 76 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

БӨЛІСУ