Қазалы ауданында қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіндегі мәселелердің бірі Мемлекеттік қызмет көрсету барысы жайлы болды. Аталған тақырып бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Н.Сүлейменов баяндама жасады.

Ол өз баяндамасында Қазалы ауданында мемлекеттік қызмет көрсету барысында орын алған заңбұзушылықтарға тоқталып өтті.
Жалпы Қазалы ауданы бойынша 2023 жыл көлемінде Департамент тарапынан бақылау жұмыстары жүргізіліп, бірқатар заңбұзушылықтар орын алған және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзған ауылдық округ әкімдеріне әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Осы мәселе бойынша Қазалы ауданы әкімі аппаратының басшысы Р.Тілептің аудан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету саласында атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.
Отырыс соңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Мендалиев мемлекеттік қызмет көрсету саласында орын алған заң бұзушылықтардың басты себептері, қызмет берушілердің заңнамаларды тиісті деңгейде білмеуінен екендігін атап өтті. Сонымен қатар, қызмет берушілердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды күшейту жөнінде ұсыныстар енгізді.
Жалпы, мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша қоғамдық кеңес отырыстарында есептерді тыңдау тәжірибесі мемлекеттік қызмет берушілердің жауапкершілігін арттырары сөзсіз. Бүгінде барлық аудандарға аталған тәжірибе енгізіліп, кеңес отырыстары өткізілуде.

Департамент жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі Ш.Жеңсікбаевамен Департаменттің басшысы Е.Мендалиев Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді.
Қоғамдық бақылау жұмыстары Қазалы ауданының «Мансап» орталығында және Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Қазалы аудандық бөлімінде жүргізілді.
Жалпы қоғамдық бақылау барысында, мемлекеттік органдардың ғимараттарында мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдайлар жасалуы, мемлекеттік қызмет көрсету туралы өзекті ақпараттардың орналастырылуы және қызмет алушыларға тиісті жағдайлар жасалуы қаралады.
Атап өту қажет, Департамент басшысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының 2024 жылдың І – жартыжылдығына арналған қоғамдық мониторинг жүргізу жұмыс жоспарына сәйкес қоғамдық мониторинг 55 мемлекеттік органда жүргізілетін болады.

БӨЛІСУ