Масленица мерекесі халқымыздың асыға күтетін мерекелерінің бірі. 17-ші наурыз күні Достық үйінің алаңында «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Масленица» мерекесі өтті. Дәстүрлі Масленица – қысты шығарып салу мен көктемді қарсы алуға арналған бір апта бойына жалғасатын мереке.

Масленица – бір күн емес, апта бойы тойланды. Әрі әр күнді тойлаудың өзіндік ерекшелігі болды. Дүйсенбі кездесу күні, сейсенбі ойын ойналды, сәрсенбі тәтті тамақ пісірілсе, бейсенбі серуен басталды, ал жұма қайын ененің үйінде қонақта болса, сенбі қайын апа шаңырағында жүздесу, ал жексенбі күні кешірім сұрау басталды.
Мерекелік іс-шараға облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, облыстық ҚХА құрылым төрағалары мен мүшелері, ардагерлері және қала тұрғындары қатысты.
Мерекелік іс-шара барысында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов пен «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының жетекшісі Галина Щербакова қатысушыларды Масленицамен шын жүректен құттықтап, өңірде халық бірлігі, достық пен жылы шырайлы, бейбіт аспан, келісім мағынасын қамтитын түрлі этнос өкілдерінің мерекелері жыл сайын атап өтілетінін алға тартты.
Сондай-ақ, «Славяне» орталығының белсенділері мен орталықпен жұмыс істейтін мектептер ұсынған славян тағамдарының және қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда әрбір ниет білдіруші бәліштердің, Масленицаға арналған дәстүрлі тағам – құймақты ыстық шәймен дәмін татып көрді.
Мерекеде «Сударушки», «Надежда» вокалдық топтарының және солистерінің орындауындағы көңілді әндермен, «Жемчужинка» ұжымы мен бірлестіктің белсенділері, Байқоңыр қаласының мәдениет үйінің өнерпаздары Александра Жаркова мен Мақсат Бақытжанның орындауында әуезді ән, әсерлі билермен жалғасты. Мереке барысында көңілді спорттық сайыстар өткізілді. Жеңімпаздарға Алғыс пен сыйлықтар табысталды.

 

БӨЛІСУ