Көпбейінді облыстық ауруханада күрделі екі ота жасалды. 46 және 49 жастағы әйелдерге бүйрек трансплантациясы сәтті өтті. Олардың біріне туған бауыры, енді біріне жұбайы донор болған. Екеуі де созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен зардап шеккен. Бірі тіпті жасанды бүйрек аппаратымен үш жылға жуық ем алып жүрген екен.

Отаға Көпбейінді облыстық аурухананың бас дәрігері, PhD докторы Жасұлан Баймаханов, орынбасары Ербол Серікұлы, А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының бүйрек трансплантациясы, урология және нефрология бөлімшесінің бас мамандары  Ислам Курбанұлы, Ернұр Белгибаев, Ельшад Набиев, анестезиолог-реаниматолог Көлбай Ілесбекұлы және басқа да білікті мамандар қатысты.

БӨЛІСУ